Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ардагерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, сондай-ақ бүгінгі Отан қорғаушыларды құрметтеуге бағытталған есте қаларлықтай бірқатар іс-шараларды өткізді.
Ағымдағы жылдың 2 мамырында Ұлы Отан соғысына қатысушы және ардагер, КСРО және Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Сапар Дүйсенұлы Дүйсенов тұрған үйде мемориалдық тақта ашылды.
Бұл естелік белгісі прокурор мен жауынгердің батылдығына, ар-намысына және адалдығына құрмет.
Сонымен қатар, облыс прокуратурасының мұражайында майданға аттанған-облыс прокуратурасының 45 қызметкерінің есімдері жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Бұл мемориал Жеңісті жеткізген, болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен еркіндік сыйлаған жандарға алғыстың символы. Салтанатты шара барысында ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және өмірін Отанға қызмет етуге арнаған барша жандарға алғыс сөздер айтылды. Олардың ерлігі мен адалдығы, өз ісіне берілгендіктің, табандылықтың және патриотизмнің үлгісі болып қала береді.
Мереке құрметіне ардагерлер- тыл еңбеккерлері Сәкен Оразалин мен Николай Гирман мерейтойлық медальдармен, құттықтау сөздермен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен облыс прокурорының сыныптық шендерді беру және облыс прокуратурасы органдарының ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттау туралы бұйрықтары жария етілді.
«Отан қорғау жай ғана кәсіп емес, өз ісіне шынайы берілу. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Ардагерлерімізге зор денсаулық, көтеріңкі рух, амандық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Біздің жерімізде әрқашан бейбітшілік пен тұрақтылық орнасын, - деп атап өтті облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов.
#ЗАҢменТӘРТІП