«Қоғамға бейімдеуге жол»

«Қоғамға бейімдеуге  жол»

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс прокуратурасы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Қоғамға бейімдеуге  жол» ведомствоаралық акциясын өткізуде.

Акцияның мақсаты - құқық бұзушылықтың алдын алудың, сотталғандарды әлеуметтік оңалтудың және толыққанды өмірге оралудың тиімді тетіктерін құру.

Бұл акция- пробациялық бақылаудағы адамдарға құқықтық көмек көрсету.

Жыл басынан бері пробация қызметінің есебі бойынша 1072 сотталған болса, бүгінгі таңда 777 сотталған, оның 45-і жұмысқа орналаспаған, 59 сотталғанның жаза бойынша берешегі бар, 75 сотталған арнайы білім алуы қажет, 26 сотталғанға медициналық көмек, 43 сотталғанға басқа да көмек қажет. 

Акция аясында қарастырылған:

-есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша бару,

-заңгерлік кеңес беру,

-құжаттарды қалпына келтіруге көмек,

-жұмысқа орналасуға жәрдемдесу,

-әлеуметтік және күнделікті мәселелерді шешу.

Жұмысқа пробация қызметінің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылған, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер және психологтар.

Бұл акцияға жұмыс берушілер сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету арқылы құқықтық тәртіпті орнатуға да атсалысуда.

#ЗАҢменТӘРТІП

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk