Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры өңір инвесторларымен кездесу өткізді

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры өңір инвесторларымен кездесу өткізді

2025 жылғы 16 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Қ.Ә. Әбдіханов өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлармен кездесу өткізді.

Кеңеске инвесторлармен қатар облыс әкімінің орынбасары, «Атамекен» ӨКП директоры, «Kazakh Invest» ҰК АҚ өкілі, жергілікті атқарушы, құқық қорғау және бақылаушы органдардың басшылары қатысты.

Іс - шарада инвесторларға облыс прокуратурасының  «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Президенттің Жарлығын орындауда инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және «прокурорлық сүзгінің», сонымен бірге «Заң және тәртіп» негізгі бағытын орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы баяндалды.

Инвесторлардың  экономикаға қосқан үлесі 461,7 млрд теңгені құрайтын 32 проблемалық кейсі оң шешілді  және оларды тексеру, әкімшілік жауапкершілікке тарту және шектеу шараларын қолдану туралы 31 заңсыз шешім қабылдауға жол берілмеді.

Инвесторлардың басты көрсеткіштері–жұмыс орындарын құру, салықтардың түсуі және ЖІӨ-нің өсуіне қосқан үлесі болатын жаңа өндірістер мен кәсіпорындардың жүктемесін прокурорлардың қолдауына ерекше назар аударылды.

«Qyzyljar» АЭА-да инженерлік инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру қажеттілігі бойынша инвесторлардың және Мамлют ауданындағы «Сапа Инвест Плюс» ЖШС-і инвесторының проблемалық мәселелері оларды толық шешкенге дейін  бақылауға алынды.

Облыс прокуроры инвесторларға проблемалық мәселелер болған жағдайда прокуратура органдарына белсенді түрде  шағым беруді ұсынды.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#Әділдік

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:  https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk