
Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов жедел кеңесті аша отыра, прокуратура органдарымен Мемлекет басшысы айтқан негізгі бағыттар - «Заң және тәртіп», «Әділет және жауапкершілік», «Таза Қазақстан», Бас Прокурордың тапсырмаларын, сондай-ақ заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау, маңызды инвестициялық жобаларды қолдау, заңсыз активтерді қайтару, азаптаулардың алдын алу жөніндегі шаралар кешені, т.б, сондай-ақ қылмыспен күресу бойынша үйлестіру функциясын күшейту бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
А.ж. 1-ші тоқсанында қадағалау органы 9 мыңға жуық азаматтың құқығы қорғады, қадағалау актілері бойынша мемлекет пайдасына 580,1 млн теңге өндіріп алынды, 5 млрд теңгеге бюджет шығынының алды алынды, 26,8 млрд теңгенің мүлкі қайтарылды, 411 тұлға, оның ішінде 44 басшы түрлі жауапкершілікке тартылды.
85 инвестициялық жобаны қолдау бойынша жұмыс жалғасуда, «Фронт-офис» жұмыс істейді.
Жыл басынан бері инвесторлардың 8 кейсі шешілді, олар өңірдің экономикасына 122 млрд теңге салуды және 1 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.
«Прокурорлық сүзгі» белсенді жұмыс істейді, соның шеңберінде 2 салық тексеруі және 6 әкімшілік өндіріс материалдары бойынша келісуден бас тартылды.
Қабылданған шаралар аясында барлығы 300-ден астам бизнес субъектісінің құқығы орнына келтірілді.
Балалардың құқықтарын қорғау бойынша жалпы білім беретін 7 мекемеде жасанды интеллект жүйесі енгізілді, барлық мектеп кітаптарында прокуратураның QR-кодтары және «Көмек Stop bullying SKO»-да орналастырылған, әлеуметтік желілерде құқыққа қарсы 27 топ бұғатталды, 93 отбасына көмек көрсетілді.
Қабылданған шаралар аясында 3 мың баланың құқығы қорғауға қол жеткізілді.
Қылмысты азайтуға бағытталған шаралар кешенін қабылдау жалғасуда. Тәуекел тобына жататын ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалардың мақсатты профилактикасына уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру арқылы олар қылмысты 19,4%-ға төмендетуге қол жеткізді.
Алдағы кезеңде қадағалау органының күш-жігері, мәні азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуге, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды жүзеге асыруға бағытталатын прокурорлар жұмысының негізгі бағдары Мемлекет басшысы мен Бас Прокурор белгілеген «Заң және Тәртіп» болады.
Отырыс қорытындысы бойынша жекелеген мәселелер бойынша жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
#ЗАҢменТӘРТІП
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk