
2025 жылғы 31 наурызда облыстың қадағалау органында Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары А.А. Саттардың төрағалығымен бизнесті қорғау бойынша кезекті кеңес өтті.
Кездесуде прокуратура жанындағы мобильді топтарға келіп түскен сигналдарды, бизнес құқықтарын қорғау бойынша жүргізілген жұмыстарға назар аударылды.
Жыл басынан бері прокуратура 300-ден астам кәсіпкердің құқығын қалпына келтірді, 28 қадағалау актісі енгізілді, 19 тұлға жауапкершілікке тартылды және 23 шектеу шараларын келісуден бас тартылды, 1 млн теңгеден астам сомаға бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу шеңберінде биыл сомасы 110 млрд теңгеге инвестициялық салымдар салуды жоспарлап отырған инвесторлардың 7 проблемалық кейсі оң шешілді.
Отырыста «ТЕХУСПЕХ» ЖШС, «КАМЕТЕХ» ЖШС, «Айтбаев» ЖК, «Тилимесов» ЖК және Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы филиалының проблемалық мәселелері талқыланды.
Кәсіпкерлердің барлық проблемалық мәселелері бақылауға алынды, оларды шешу үшін мұқият талдау қажет.
Кәсіпкерлердің өтініштеріне жедел ден қою мақсатында бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтың тәулік бойы жұмыс істейтіндігін еске саламыз (байланыс телефоны +7-705-842-73-06).
#Заң_мен_Тәртіп