Қадағалау органы талдау шеңберінде тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнама талаптарының өрескел бұзушылықтарын анықтады.
Мәселен, Аққайың, Айыртау, Ақжар, Есіл, Уәлиханов, Тимирязев, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) талаптарына қарамастан, тұрғылықты адамдардан тұрғын үй үшін ай сайынғы жалдау ақысын алмаған.
Нәтижесінде бюджет алдында 72,2 млн теңге сомаға берешек қалыптасты.
Айыртау, Аққайың, Есіл, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері заң талаптарын бұза отырып, 170 адамның тұрғын үй сатып алуына байланысты оларды кезектен шығарған жоқ.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар (оның ішінде Айыртау ауданы әкімінің орынбасары) тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2,3 млн теңге сомасына жалдау төлемдері ішінара өндірілді, қалған берешек бойынша жұмыс жалғасуда.
Петропавл қ. ТКШ бөлімінде жергілікті атқарушы органда кезекте тұрмаған адамдарға жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйді негізсіз беруде көрсетілген бұзушылықтар анықталды
Анықталған бұзушылықтар бойынша Петропавл қаласының прокуроры сотқа жалдау шарттарын жарамсыз деп тану және заңсыз тұратын адамдарды оларға басқа тұрғын үй бермей шығару туралы 2 талап арызын енгізді.
Соттың 29.10.2024 жылғы және 15.11.2024 жылғы шешімдерімен прокурордың талаптары толық көлемде қанағаттандырылды.
Бүгінгі таңда сот актілері заңды күшіне енді.
Тұрғын үй заңнамасын сақтау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауында.
#ЗАҢменТӘРТІП
#Заңүстемдігі
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk