
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ұйымдастырылған «Болашақ прокурор кеңістігі» атты бірлескен жобаны ашу салтанаты өтті.
Аталған шараның мақсаты мамандарды прокуратура органдарына тарту ғана емес, сондай-ақ прокурорлардың қызметінде қолданылатын «Заң мен тәртіп» қағидасын негізгі бағыт ретінде қабылдау.
Қазіргі уақытта университеттің 90 түлегі еліміздің прокуратура органдарында табысты еңбек етіп, 300-ден астам студент өндірістік тағылымдамалардан өткен.
«Прокурордың кеңістігі» - бұл прокурор мамандығына қызығушылық танытып, прокуратураның тарихымен, білікті заңгерлер мен қайраткерлердің қызметімен, заманауи құқықтың маңызды сұрақтарымен танысуға мүмкіндік береді.
Қатысушылар прокуратура органдарына жұмысқа орналасу талаптарымен таныстырылды.
Шара шеңберінде прокуратура қызметі туралы тақырыптық кітаптар мен журналдар, дөңгелек үстөлдер мен конференция материалдары қойылған арнайы бұрыш ашылды.
Сонымен бірге спикерлер болашақ мамандық үшін негізгі сапа ретінде заңды сақтау маңыздылығын атап өтті. Жастарға лудоманиядан және басқа да зиянды әдеттерден сақ болуға, адамгершілік және адами қасиеттерді, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерді сақтауға кеңес берілді.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы Ернұр Уәли, облыс прокурорының бірінші орынбасары Абу-Али Саттар, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті ректорының м.а. Ерболат Байбұсынов, университеттің профессорлық-ұстаздар құрамы мен студенттері қатысты.
Қадағалау органының өкілдері ашық диалог барысында студенттердің қызығушылығын тудырған сұрақтарға жауап берді, одан әрі ынтымақтастық туралы талқылаумен пікір алмасты.
Ашық диалог өзара тығыз әрекеттесу ниеті мен прокурорлардың жұмысына жоғары қызығушылықты көрсетті.
Мұндай тәжірибе болашақ заңгерлер үшін пайдалы, себебі олар құқық қорғау органдарында қызмет атқарудың ерекшеліктерін және мамандық таңдауға қатысты маңызды түсінік алды.
Кездесуде «Заң мен тәртіп» қағидаларын жарыққа шығаруды жалғастыруда Бас прокуратураның өкілімен облыстық прокуратура органдарының жеке құрамымен а.ж. 10 қаңтарында «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға енгізілген қызмет атқару тәртібі мәселелері бойынша әлеуметтік кепілдіктерді айтарлықтай жақсартуға, прокуратура органдарының жұмысының тиімділігін арттыру үшін жекелеген процестерді цифрландыруға бағытталған өзгерістер талқыланды.
#ЗАҢменТӘРТІП
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk