СҚО колонияларында алимент бойынша борышкерлер жұмысқа орналастырылды

СҚО колонияларында алимент бойынша борышкерлер жұмысқа орналастырылды

     Алимент - балаға, жұбайына, ата-анасына және басқа отбасы мүшелеріне заңмен төлеуге міндеттейтін материалдық қолдау түрлерінің бірі.
    Сондықтан да облыс прокуратурасы алимент төлеудің уақтылылығына ерекше көңіл бөледі.
    Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысындағы түзеу мекемелерінде алимент бойынша 39 борышкер жазасын өтеп жатыр.
    Талдау аясында кәмелетке толмағандардың құқықтары қалпына келтірілді.
    Сотталған К.-ның № 50 мекемеде жазасын өтеу кезінде жұмыс істемейтіні және қызын асырау үшін 1 миллион теңгеден астам қарызы бар алимент бойынша борышкер екені анықталды.
    Қабылданған шаралардың нәтижесінде сотталушы ЖК «Щеголев»-ке жұмысқа орналастырылды.
    Тексеріс барысында қабылданған шаралармен жалпы қарыз сомасы 22,4 млн тенгені құрайтын алимент бойынша барлығы 11 борышкер жұмысқа орналастырылды.
    Атап айтқанда, № 48 мекемеде қарыз сомасы 18,8 млн теңгені құрайтын 6 сотталушы, № 51 мекемеде 2,5 млн теңге қарызы бар 3 борышкер, № 50 мекемеде 2,1 миллион теңге қарызы бар 2 борышкер жұмысқа орналастырылды.
    Қазіргі таңда, алимент бойынша барлық борышкерлер жұмысқа орналастырылды, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және облыс прокуратурасының бақылауында.

#ЗАҢменТӘРТІП
#Заңбәрінеортақ
#Әділдік

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk