СҚО прокурорлары мобильді топтар шеңберінде кәсіпкерлердің құқықтарын бұзудың жолын кесуде

СҚО прокурорлары мобильді топтар шеңберінде кәсіпкерлердің құқықтарын бұзудың жолын кесуде

    Прокуратура органдары бизнес субъектілерінің құқықтарының бұзылуын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Қадағалауды жүзеге асырудың тиімді құралдарының бірі мобильді топ болып табылады.
    Мысалы, а.ж. қыркүйек айында қадағалау органының мобильді тобының телефонына кәсіпкер оның қызметіне заңсыз тексеру жүргізілгеніне шағымданды.
    Объектіге шығу барысында Еңбек инспекциясы комитетінің облыстық департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының орынбасары, Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына қайшы түрде, тиісті актісіз кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысының мөлшеріне қатысты құжаттарды талап ету түріндегі тексеру іс-шараларын жүзеге асырғаны анықталды.
    Тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін прокурордың қаулысы бойынша Департамент басшысының орынбасары ӘҚБтК-нің 175-бабына сәйкес (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу) айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Қазіргі уақытта айыппұл төленді, шенеуніктің әрекеті заңсыз деп танылды.
Жыл басынан бері мобильді топтың телефонына кәсіпкерлерден 85 сигнал келіп түсті, олардың 32-сі растауын тапты.
    Ағымдағы жылдың 9 айында қадағалау актілері бойынша 300-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 29 тексеру тоқтатылды және заңсыз деп танылды, 24 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды.
    Қадағалау органы бизнес субъектілері олардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ арқылы прокуратура қызметкерімен тікелей байланысуға болатынын еске салады (байланыс телефоны +7-771-362-08-99).

                                   Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы