СҚО-дағы экологиялық бұзушылықтар: прокурорлық әрекет және түзету шаралары

СҚО-дағы экологиялық бұзушылықтар: прокурорлық әрекет және түзету шаралары

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық заңнаманы сақтау мәселесі бойынша алқа отырысын өткізді.
    Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов Мемлекет басшысының қоршаған ортаны жақсартуға және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының экологиялық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған тапсырмаларын орындау қажеттігін атап өтті.
    Жүргізілген талдау нәтижесінде қалдықтармен жұмыс істеу кезінде заңнама талаптарының өрескел бұзылғаны анықталды.
    Прокурорлардың араласуынан кейін 11 ауданда тұрғындар үшін қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер белгіленді.
    Облыстың тағы 6 ауданында негізсіз көтерілген тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылдануда.
    Экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әртүрлі жауапкершілікке 95 тұлға тартылды, оның ішінде 3 аудан әкімі.
    Отырыс қорытындысы бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды, сондай-ақ жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді.

                        Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы