Рекрутинг шеңберінде

Рекрутинг шеңберінде

        А.ж. 3 шілдеде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде заңгерлердің кезекті шығарылымы өтті.
        Түлектерді салтанатты жағдайда Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Абу Али Саттар құттықтады.
        А. Саттар өз сөзінде диплом алған соң жастардың алдында келешекте қандай қызметке орналасам, өмірлік жұмысымды қалай табуға болады деген сұрақ мазалай бастайтынына көңіл аударды. Түлектер заңдарды зерттегенді ұнатса, тағдырлы шешімдер қабылдаудан қорықпай, азаматтар өмірінің барлық салаларында таптырмас құқықтық тәжірибеге ие болса, онда олар тікелей прокуратура органы қызметіне орналасулары тиіс деп атап өтті.
        Прокурор - әрі лауазым, әрі кәсіп, әрі ұстаным.
        Сондықтан прокуратурада қызметтік борышын абыроймен атқаратын, кәсібилік пен еңбекқорлық танытатын адал, батыл және адал жастарға қызмет етулері керек, өйткені заң үстемдігі мен тәртіпті қамтамасыз ету – Әділ Қазақстан құрудың басты шарты болып табылады.
         Қорытындылай келе А. Саттар түлектерге өмірде сенімді жүріп, табысқа жетуді тіледі!

                                     Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы