2024 жылғы 5 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Кездесуде кәсіпкерлер техникалық тексеру жүргізуге, бизнес объектілеріне келтірілген залалды бағалауға, сондай-ақ көзделген өтемақыларды төлеу мөлшері мен мерзімдеріне қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Барлық мәселелер бойынша бизнесмендерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілді, жекелеген проблемалар толық шешілгенге дейін бақылауға алынды.
Өңірлік комиссия кәсіпкерлерге келтірілген мүліктік зиян үшін өтемақы төлеу жөніндегі өтініштерін жедел қарауға бағытталды.
Облыс бойынша табиғи апат салдарынан барлығы 200 бизнес субъектісі зардап шекті.
Солтүстік Қазақстан облысының
прокуратурасы