
«Бизнесті қорғау саласындағы қадағалауды күшейту - Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы, рейдерлікке, жосықсыз бәсекеге және мемлекеттік органдардың репрессиясына қарсы түбегейлі шаралар қабылдаудың уақыты келді»,- деп атап өтті Үйлестіру кеңесінің төрағасы-облыс прокуроры Қ. Әбдіханов.
Бұл бағытта атқарылған жұмыстар аз емес.
Жыл басынан бері прокуратураның мобильді тобы 43 сигналды өңдеп, оның 23-і өз дәлелін тапты.
16 қадағалау актісі енгізіліп, 9 тұлға жауапкершілікке тартылып, 29 заңсыз салықтық тексерудің күші жойылды.
2023 жылдан бастап бизнес өкілдерімен 47 кездесу және уәкілетті органдармен 2 Фронт-офис өткізіліп, 7 инвесторға қолдау көрсетілді, олар бойынша ел экономикасына салынған инвестицияның жалпы құны 52 млрд теңгеден асады.
Бірде-бір проблемалық жағдай назардан тыс қалмады.
Сонымен қатар, бүгінде облысымызда 577 млрд теңгеге 5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 36 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Өз кезегінде, қылмыстық процесте кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы прокурорлық тексеру қылмыстық қудалау органдарының кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды заңсыз тіркеуге жол беретінін көрсетті, қылмыстық қудалау орбитасына қатысатын бір субъектінің есебінен өзге де кәсіпорындар тартылады, бұған жол берілмейді.
Осылайша, Полиция мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бастаған 9 сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша жеткіліксіз негіздерге байланысты прокурор оларды тоқтату туралы шешім қабылдады.
Тергеушілердің 5 қылмыстық іс бойынша мүлікті (автокөлік құралдарын, телефондарды, компьютерлерді), кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен құжаттарды тәркілеу, сондай-ақ банк шоттарын заңсыз шектеу әрекеттері заңсыз деп танылды.
13 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары заңсыз тексерулердің жолын кесу арқылы қорғалды.
Сот күшін жоймаған, қарызын өтеуге міндеті бар облыстағы ЖШС-дің біріне қатысты а.ж. ақпан айында жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокуратура кәсіпкерлік субъектісінің ісіне заңсыз араласудың жолын кесуі мысал болып табылады.
Прокурор сүзгісі өзінің тиімділігін көрсетті. Осылайша, 24 сағат ішінде кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына тартудың 5 әрекетінің жолы кесілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша прокуратура 8 қадағалау актісін енгізді, олар бойынша қылмыстық қудалау органдарының 11 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Облыс прокуроры Қ.Әбдіханов атап өткендей, - «Біз кәсіпкерлік субъектілері үшін жағымсыз салдарлардың басталуын күтпеуіміз керек. Проблемалық мәселелер туындамас бұрын ықпал ету қажет. Бұл ретте мемлекеттік органдар әрбір кәсіпкерді құқық бұзушы ретінде қарастырмай, керісінше, кәсіпкерлермен және инвесторлармен, оның ішінде облыстық «Атамекен» палатасының платформасы арқылы тығыз байланыста болуы керек».
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды, оның ішінде құқық қорғау блоктарының басшыларына формальды қарастыруды жою арқылы ведомстволық бақылауды күшейту, тергеу барысын бақылау, адалдық, бейтараптық, ашықтық және әділдік мәдениетін қалыптастыру ұсынылды.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы