Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы жүйелі бұзушылықтарды анықтады

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы жүйелі бұзушылықтарды анықтады

          Тексеру барысында ветеринария заңнамасының талаптарын өрескел бұзу фактілері анықталды.
         Облыстың ветеринарлық қызметтері «Ветеринария туралы» Заңының талаптарына қайшы, ветеринариялық құжаттарды беру және жануарларды вакцинациялау тәртібін бұзып, ірі қара малға диагностикалық зерттеулерді толық жүргізбеген.
        Мысалы, 15 мың жағдайда ветеринарлар толықтыру арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау жиілігін асыра бағалаған.
        242 жағдайда белгіленген тәртіпті бұза отырып, жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық анықтамалар берілген.
        Ветеринариялық ережелердің талаптарына қайшы, жергілікті атқарушы органдар сібір жарасы қорымдары мен мал қорымдарын тиісті деңгейде ұстауды қамтамасыз етпеген.
       Сою пункттері мен алаңдардың жеткіліксіздігінен жеке шаруашылық алаңдарында малды сою тәжірибесі жалғасуда.
       Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 78 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, облыс әкімдігі заң бұзушылықтарды жоюға және осы саладағы жағдайды жақсартуға бағытталған Кешенді жоспарды бекітті.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгіленбеген жерлерде малдарды сойғандығы үшiн адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға бағытталған.
      Осыған байланысты қадағалау органы жеке және заңды тұлғаларды ветеринария саласындағы бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы еске салады, әкімшілік айыппұл (73 840-тан 738 400 теңгеге дейін) қарастырылған және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады.

                              Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы