
Қадағалау органы жыл басынан бері алимент өндіру туралы сот актілерін орындамағаны үшін 6 борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы), соттардың шешімімен барлығы қамауға алынды.
Сонымен, Уәлиханов аудандық сотының 18.03.2024 жылғы қаулысымен аудан прокуроры қозғаған іс бойынша алимент төлемеуші С. ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша 5 тәулікке қамауға алынды.
Жалпы, облыс бойынша сот орындаушыларының жұмысын үйлестіру шаралары арқылы тағы 36 алимент өндіруші әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар, 8 проблемалық борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - Қылмыстық кодекс) 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, Шал ақын аудандық сотының 06.05.2024 жылғы үкімімен кәмелетке толмаған баланы 7 айдан астам уақыт бойы асырау бойынша алимент міндеттемесін орындамағаны үшін 2,6 млн.теңге қарызы бар борышкер Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Қабылданған қатаң шаралардың нәтижесінде алимент бойынша берешек жыл басынан бері 100 млн теңгеге (260 -тан 160-қа дейін) азайды.
Қалған борыштарды өндіріп алу жұмыстары жалғасуда, оған барлық мемлекеттік және уәкілетті органдар тартылған.
Сонымен бірге, қалыптасқан сот тәжірибесінен үш ай ішінде алимент төлемеу, ал алты айдан бастап қылмыстық жауаптылық белгіленген кезде әкімшілік жауапкершілік туындайды.
Осыған байланысты, біз борышкерлерді келеңсіз салдарға жол бермеу үшін алименттерді уақытылы төлеуге шақырамыз.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы