Құрметті Петропавл қаласының тұрғындары!

Құрметті  Петропавл қаласының тұрғындары!

          Өздеріңізге белгілі болғандай Петропавл қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
          Қазіргі жағдай азаматтардың қайғылы оқиғасынан пайда тапқысы келетін алаяқтар үшін қолайлы уақыт.
          Табиғи апаттан әлеуметтік және материалдық көмек алу үшін зардап шеккендер алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін.
          Оның үстіне, қала аумағында алаяқтармен су тасқынынан зардап шеккендерге ақша қаражатын жинау туралы хабарландырулар жариялау фактілері тіркелді.
          Мұндай жағдайлардың алдын алу және өзіңізді интернет алаяқтарынан қорғау үшін сақ болып, кез келген ақпаратты мұқият тексеру, сондай-ақ тұрғылықты жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органдарға, ресми түрде әлеуметтік көмек сұрап, ресми дереккөздерге сену қажет.
          Сонымен қатар, бірнеше негізгі ережелерді сақтаңыз:
          - жеке деректеріңізді және банк деректемелерін ешкімге бермеңіз;
          - күдікті сайттарға кіріп, бейтаныс жолдаушылардан тіркемелерді ашқанда абай болыңыз;
          - жақындарыңызбен тұрақты байланыста болыңыз және ықтимал қауіптер туралы ақпарат алмасыңыз.
          - алаяқтық әрекеттер анықталған жағдайда құқық қорғау органдарынан көмек сұраңыз.
           Онлайн кеңістікте сақ болыңыздар!

                                          Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы