Жалған ақпараттар бойынша облыс прокурорының бірінші орынбасарының Абу-Али Саттардың Сөз сөйлеуі

Жалған ақпараттар бойынша облыс прокурорының бірінші орынбасарының Абу-Али Саттардың Сөз сөйлеуі

          Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде облыс орталығының тұрғыны «Tik Tok» әлеуметтік желісінде екі баланың су тасқынынан қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат жариялаған.
         Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «өтірік блогер» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы 3-бөлігі бойынша 73 840 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
         Тағы бір жағдайда, ағымдағы жылдың 14 сәуірінде қала тұрғыны әлеуметтік желіде облыс орталығында қасқыр мен жабайы шошқаның бар екендігі туралы жалған ақпарат жариялаған.
        Қазіргі уақытта оған қатысты материалдар сотқа жіберілді.
        Мен тағы да бұқаралық ақпарат құралдарын, блогерлерді, азаматтарды дүрбелеңге ықпал ететін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамын.
        Орналастырғандығы, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған (жалған) ақпараттарды таратқандығы үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3 -бөлігі (73840 теңге айыппұл түрінде) және Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша тиісті жауапкершілік (3 692 000 теңге айыппұл немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде) қарастырылған.
        Сонымен бірге облыс азаматтарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын.

                            Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы