Жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілік

Жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілік

          Жүргізушінің көлікті мас күйінде басқаруы азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
         2024 жылдың 20 наурызында мас күйінде көлік жүргізіп, жолаушы зардап шеккен жол-көлік оқиғасын жасаған мемлекеттік қызметкерге қатысты сот үкімі шықты.
        Оның өз кінәсін мойындамағандығына қарамастан, мемлекеттік айыптау оның кінәсін дәлелдеп, Тимирязев аудандық соты прокуратураның пікірімен келісіп, оны 6 айға бас бостандығынан айыруға соттады.
        Үкім заңды күшіне енген.

                                      Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы