«Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары студенттердің сотталғандармен әңгімелесуін ұйымдастырды»

«Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары  студенттердің сотталғандармен әңгімелесуін ұйымдастырды»

         2024 жылғы сәуірдін басында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде бірінші курс студенттерімен кездесу өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. 200-ден астам студент қамтылды. Жұмысқа облыс прокурорының орынбасары Д.Т. Ержанов, үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы А.М. Жалмағамбетов, сотқа дейінгі тергеу және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы С.Қ. Асқаров, қала прокурорының орынбасары А.Ш. Амитов қатысты. Кездесуге қатысушылар қылмыстың алдын алу бойынша өзекті мәселелерді талқылады, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандар бейнебайланыс арқылы қосылды. Студенттерге сотталғандарға сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.

                              Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы