Мамлют ауданының прокурорын тағайындау туралы

Мамлют ауданының прокурорын тағайындау туралы

       Бас Прокурордың 2024 жылғы 5 сәуірдегі бұйрығымен әділет кеңесшісі Асқар Омарұлы Жүнісов Мамлют ауданының прокуроры болып тағайындалды.
       А.О. Жүнісовтың прокуратура органдарындағы өтілі 20 жылдан астам.
       Еңбек жолын 2003 жылы Уәлиханов ауданы прокурорының көмекшісінің міндетін атқарушы қызметінен бастаған.
       Әр жылдары прокурордың көмекшісі, Уәлиханов ауданы прокурорының аға көмекшісі, облыс прокуратурасының жедел-іздестіру қызметін қадағалау басқармасының бастығы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
        2024 жылдың ақпан айынан бастап Тайынша ауданы прокурорының орынбасары лауазымында.
        Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін 2,3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.
        Үйленген, 4 баласы бар.

                        Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы