Талдау нәтижесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) қаржылық бақылау шараларын қолданбау түрінде өрескел бұзушылықтар анықталды.
Аққайың ауданының Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі (бұдан әрі-Бөлім) Заң талаптарын бұза отырып, ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорларын қызметке тағайындау кезінде олардың заңда белгіленген тәртіппен 250 үлгідегі салық есептілігін тапсыру туралы хабарламаларды ұсыну шараларын қабылдамаған.
Нәтижесінде басқарма басшысы ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбау туралы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
Прокурордың қаулысымен бөлім басшысы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Салық есептілігін уақтылы ұсынбағаны үшін ӘҚБтК-нің 272-бабы 1-бөлігі бойынша бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдарының 250 директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл ретте қадағалау органы мемлекеттік органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбағаны үшін ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы еске салады, мұнда 369 200 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы