Прокурордың жазаны орындау бойынша жұмысы

Прокурордың жазаны орындау бойынша жұмысы

          Соттың заңды күшіне енген үкімі мен қаулысы қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын және жазаны орындаудың негізі болып табылады.
          Жаза бас бостандығынан айырумен байланысты емес және бас бостандығынан айыру болып бөлінеді.
          Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы түзеу мекемелерінде 1700 сотталған жазасын өтеп жатыр.
          Жазаны орындау саласында қадағалау тиімділігін арттыру және заңдылықты нығайту бойынша қабылданған ұйымдастыру шаралары арқасында мекемелерде тұрақты жедел-режим жағдайы сақталған.
         Сотталғандарға жаза қолдану тәжірибесіне тиісті қадағалау ұйымдастырылды.
         Сотталғандарды қабылдау, жолданымдарын сапалы қарауға көп көңіл бөлінуде.
          Өтініш беру колониялардағы заңдылық жағдайының көрсеткіші болып табылады. Сотталғандарды жүйелі түрде қабылдауды облыс прокуроры мен оның орынбасарлары жеке өздері жүргізеді.
          Заңда шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру қарастырылған.
          Осыған қалай лайық болу керек?
          Бұл, ең алдымен, өтеу режимін бұзбау, қылмыспен келтірілген зиянды өтеу, мекеменің қоғамдық өміріне белсене араласу, жақсы тәртіп, тәрбиелік шараларға белсенді қатысу болып табылады.
           Сотталғанның тәртібін бағалау оның мекемеге келген күнінен бастап жүзеге асырылады және оның деңгейі сәйкес критерий негізінде анықталады.
           Оң баға беру ізгілік актісін қолданғанда маңызды критерийлердің бірі болып табылады.
           Облыс  прокуратурасы осы бағыттағы заңдылықтың сақталу және сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету жағдайын тұрақты негізде сараптайды.
           Барлық сотталғандар заңда белгіленген мерзімде ізгілік актілерді қолдануға өтінішхат беру мерзімінің басталғаны туралы хабардар етіледі.
Қазіргі уақытта бас бостандығынан айыруға балама жазаларды сапалы орындау мәселесі өзекті болып отыр.
           Пробацияның мақсаты-сотталғандарды қайта әлеуметтендіруді қамтамасыз етуге, мекемелерден босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және оңалтуға жәрдемдесу болып табылады.
           2023 жылы әлеуметтік көмекке 158 адам өтініш берген. Төлем 5,3 млн теңгені құрады, оның ішінде: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 80 адамға 2,7 млн.теңге сомасында, пробация қызметінде есепте тұрған 78 адамға 2,6 млн.теңге төленді.
            Жұмыспен қамту органдары осы санаттағы азаматтарды өнімді жұмыспен қамтуға тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
            Жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталықтары пробация қызметінде есепте тұрған 122 азаматты жұмыспен қамту шараларын жүргізді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 51 адам; жергілікті полиция қызметінде профилактикалық есепте 44 адам жұмысқа орналастырылды.
            Осы санаттағы адамдарды өнімді жұмыспен қамтуға барынша тарту мақсатында жергілікті атқарушы органдар әкімдіктер, пробация қызметтері және кәсіпкерлер арасында 179 бұрын сотталған және қылмысқа бейім адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша үшжақты меморандум жасады.
            Бетті тану және саусақ ізін сканерлеу функциясы бар биометриялық терминалдар орнатылған (барлығы 13 орнатылған).
            2023 жылы жиі ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жеке кәсіпкерлердің және т.б. қатысуымен 174 « Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.
            Жазаны орындау сұрақтары облыс прокураурасының тұрақты бақылауында.

                               Солтүстік Қазақстан облысының  прокуратурасы