Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жұмысшылардың еңбек құқықтарын жүйелі бұзушылықтарды анықтады

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жұмысшылардың еңбек құқықтарын жүйелі  бұзушылықтарды анықтады

         Мемлекеттік мекемелердегі тексерулер еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде негізгі талаптарды сақтамау салдарынан жұмысшылардың құқықтарының өрескел бұзылуын анықтады.
        Ақжар, Қызылжар, Уәлиханов аудандарының оқу орындарында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабын (бұдан әрі - Кодекс) бұза отырып, 524 қызметкер арнайы киіммен (мақта матадан тігілген халатпен, резеңке қолғаптармен, қолғап) қамтамасыз етілмеген, отқа төзімді сіңдірілген алжапқыштар, қолғаптар және т.б.) қамтамасыз етілмеген.
        Қызылжар ауданында Кодекстің көрсетілген нормасына қайшы, жалпы білім беретін мектептерде үй-жай қызметкерлері резеңке қолғапсыз дезинфекциялау құралдарын пайдаланып, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізген.
        Сонымен бірге, Кодекстің 33-бабын бұза отыра, Ақжар ауданындағы 5 орта мектепте 10 жұмысшы еңбек шартын жасамай жұмыс істеген.
        Петропавл қаласындағы жалпы білім беретін мектепте Кодекстің 182-бабының талаптарына қайшы, басшылар мен жауапты тұлғаларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімдерін тексеру ұйымдастырылмаған.
        Қадағалау органының актілері бойынша қызметкерлермен еңбек шарты жасалып, арнайы киім беру және лауазымды адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.
        Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау сұрақтары облыс прокуратурасының бақылауында.

                              Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы