Білім беру мекемесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізілген тексерулер кәмелетке толмағандардың құқықтарының өрескел бұзылуын анықтады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарын бұза отырып, Петропавл қаласындағы 9 орта мектепте информатика кабинеттерінде тыйым салынған сайттарға балаларды өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді жасауға ынталандыру (соның ішінде суицид және зорлық-зомбылық әрекеттері) материалдары бар ашық қолжетімділік тыйым салынған сайттар анықталды.
Қадағалау органының қаулыларына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылығы (директорлары) ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге, прокурордың ұсынысы бойынша қаладағы барлық білім беру мекемелерінде тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелген.
Қадағалау органы балалардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда заңды өкілдері мен кәмелетке толмағандар 8-7152-36-03-83 облыспрокуратурасының сенім телефонына хабарласа алатынын еске салады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы