Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жер асты суларын заңсыз өндіруді анықтады

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жер асты суларын заңсыз өндіруді анықтады

         Талдау шеңберінде жер асты суларын суды арнайы пайдалануға рұқсатсыз, өндіруге әкеп соққан жүйелі бұзушылықтар анықталды.
        Аққайың ауданының орман шаруашылығының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66 - бабының талаптарын бұза отырып, ұңғыманы бұрғылап, жер асты суларын пайдалануға рұқсатсыз өңдірген.
       Осыған ұқсас бұзушылықтар басқа 19 мемлекеттік органдарда анықталды (Жамбыл, Қызылжар, Есіл аудандарының білім бөлімдері, Айыртау, М.Жұмабаев, Мамлют, Тайынша, Тимирязев аудандары әкімдерінің аппараты, «Пресновка, Булаев, Есіл» орман шаруашылықтары ).
      Облыс прокуратурасының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары ӘҚБтК-нің 141-бабы бойынша жалпы сомасы 423 680 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды, рұқсат құжаттарын алу бойынша шаралар қабылдануда.
      Сонымен қатар, қадағалау органы су объектілерін заңсыз басып алғаны және суды заңсыз пайдаланғаны үшін ӘҚБтК-нің 141-бабы бойынша жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік айыппұл түрінде (103 500-ден 897 000 теңгеге дейін) қарастырылғандығы туралы еске салады және соңғыларды қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырамыз.

                         Солтүстік Қазақстан облысының  прокуратурасы