Браконьерлікпен күрес

Браконьерлікпен күрес

         2023 жылғы 27 желтоқсанда заңсыз аңшылық туралы іс бойынша үкім шығарылды (ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі 1,4-тармақшалары).
        Дәлелдер бола тұра, жазаға тартылған төрт тұлға өздерінің кінәсін мойындамаған және істеген істеріне өкініш білдірмеген.
        Алай да, мемлекеттік айыптау Астана қаласынан келген екі қонақтың жергілікті екі тұрғынмен бірге Қызылжар ауданында ұлттық табиғат паркінің аумағында екі елікті заңсыз атып алған.
        Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісіп, олардан келтірілген материалдық шығын 4,5 млн.теңгені өндіріп алумен 3 жылдан 4 жылға дейін нақты түрде бас бостандығынан айыруға соттады.
        Үкім заңды күшіне енген жоқ.
        Одан басқа, осы сотпен мемлекетке көлемі 68 млн. теңге шығын келтірген, 53 бас сібір елігін заңсыз атқан ұйымдасқан қылмыс тобының құрамындағы 4 адамға қатысты басқа іс қаралуда.
        2023 жылы облыстың соттарымен заңсыз аңшылық үшін барлығы 12 іс бойынша 21 тұлға сотталған.

                               Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы