Прокуратура күнін мерекелеу қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында студенттер айлығы ұйымдастырылды.
Аталған бастаманың алғашқы шараларының бірі «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» АЕҚ ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік істер жөніндегі агенттігі департаментінің жұмыс кездесуі өтті.
Қадағалау органы ғимаратында студенттер үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Тұрақты негізде 1 мен 4 курс студенттер арасында прокуратура органы қызметін кеңінен насихаттау мақсатында кездесулер өткізіледі.
Одан басқа, университет пен прокуратура арасында жасалған меморандум шеңберінде барлық курс студенттері арасында тәжірибелік практика өту ұйымдастырылған.
Аталған шаралар студенттерге прокуратура органдарындағы қызметті кеңінен таратуға әсер етеді.
Бастаманың қорытындысы кезеңінде ағымдағы жылдың 29 қарашасында университет қабырғасында ұйымдастырылған жәрмеңкеде жоғарғы оқу орнының студенттерін жұмыспен қамту мақсатында түлектер назарына прокуратура органы қызметіне орналасудың талаптары жеткізілді.
Жәрмеңке барысында студенттер барлық сұрақтарына толық жауап алып, әр болашақ түлекке қызметке орналасу туралы естелік ақпарат буклеттері табысталды.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы