Облыс прокурорының ҚР ІІМ ҚАЖК №48 мекемеге баруы туралы

Облыс прокурорының ҚР ІІМ ҚАЖК №48 мекемеге баруы туралы

         Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Қ.Ә. Әбдіханов 2023 жылғы қарашада жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №48 мекемесіне барды.
          Жұмыс сапары барысында тұрғын аумақтарды және өндірістік учаскелерді қарау барысында инфрақұрылыммен, жұмысты ұйымдастырумен және сотталғандарды ұстаудың материалдық-тұрмыстық жағдайларымен танысты.
          Кездесу қорытындысы бойынша орын алған проблемалық сұрақтар, мекеменің қызметіндегі жағымды сәттер талқыланды және жаңа міндеттер қойылды.
          Жұмыс сапары соңында мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жеке қабылдау болды.

                                   Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы