Алқа билермен 2023 жылғы 30 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта кәмелет жасына толмаған Д. оқушыларды өлтіруге қастандық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Оқиға а.ж. ақпан айында облыс орталығының мектептерінің бірінде болғандығын естеріңізге сала кетейік, онда сол мектептің оқушысы Д. алдын ала дайындаған бетпердені киіп, оқушыларға үйден әкелген балтамен әртүрлі дене жарақатын келтірген.
Мемлекеттік айыптаушымен алқа билерге оның кінәсін дәлелдейтін даусыз дәлелдер, оның ішінде болған оқиғаның бейнежазбасы ұсынылды.
Даусыз фактілерді ескере отыра Д. Қылмыстық кодекстің 24-бабы 2-бөлігі 99-бабы бойынша 6 жыл 9 айға кәмелетке толмағандармен жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыруға түзету колониясына жіберілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы