Солтүстік Қазақстан облысында кезекті инвесторға әрекет жасалды

Солтүстік Қазақстан облысында кезекті инвесторға әрекет жасалды

        Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура инвестициялық жобаларды ілеспе сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізуде.
       Бүгінгі күні қадағалау қызметінің басымды бағыттарының бірі проблемаларды тиімді шешу, инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.
        Отандық инвестор «Алисарай» ЖШС-і «Жамбыл ауданында 600 бас ірі қара мал ұстауға сүт-тауар фермасының құрылысы» жобасын, жалпы құны 1,8 млрд теңге, 25 жұмыс орнын құра отыра жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
        Жобаны жүзеге асыру барысында инвестор мемлекеттік займ алғанда әкімшілік кедергілермен соқтығысқан. Инвестордың қатысуымен Фронт-офис жұмысы шеңберінде ағымдағы проблема қаралды және мемлекеттік органдарға сәйкес тапсырма берумен оны шешу бойынша ұсыныстар дайындалды.
        Прокуратураның үйлестіруі арқасында инвестордың проблемалары шешілді, оған сомасы 500 млн. теңге мемлекеттік заем берілді, бұл оған жобасын одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
        Облыс прокуратурасы қабылдаған кешенді шаралар арқасында инвестициялық жобаларды ілеспе сүйемелдеу шеңберінде инвесторлардың жалпы 193 млрд. теңгеден астам сомаға 4 проблемалық кейсы оң шешілгенін атап өту керек.
       Ағымдағы жылғы 15 қарашада фронт-офистің кезекті отырысы өтті, онда инвесторлардың инженерлік инфрақұрылымның жоқтығы, орманды пайдалану құқығын және заем қаражаттарын алмаумен, ҚҚС өтемеумен байланысты мәселелері талқыланды.
       Олар бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен оларды шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
       Егер де сіз инвестор болсаңыз және сізде жобаны жүзеге асыру бойынша проблема болса, онда облыс прокуратурасының қызметкеріне кәсіпкерлердің және инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша мобильдік топ арқылы тікелей хабарласа аласыз ( +7-705-842-73-06 телефоны арқылы).

                             Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы