Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекет пайдасына 87 млн.теңге қайтарды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекет пайдасына 87 млн.теңге қайтарды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджеттік қаражатты пайдалану саласында жүргізілген талдау барысында мемлекеттік сатып алулар туралы  заңнама талаптарын  дөрекі бұзушылықтарды анықтады.

Мамлют ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарына қарамастан, Покровка ауылында сумен қамту объектісінің құрылысы үшін шарт бойынша көлемі 87 млн. теңге, шын мәнінде орындалмаған жұмыс үшін  төлем жасаған.

Прокурорлық қадағалау актісі  және Әдеп бойынша Кеңестің ұсыныстары бойынша  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің  басшысы  мемлекеттік қызметтің атына кір келтіргені үшін босатылды, ал негізсіз төленген қаражат толық көлемде қайтарылды.

Объекті құрылысының барысы бақылауға алынды. 

 

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы