Ағымдағы жылғы қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен облыс әкімінің м.а. М.И.Тасмағамбетовтың жанында интернаттық мекемелердің және барлық уәкілетті органдардың басшыларын тарта отыра кездесу өткізілді.
Облыста Айыртау, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласында орналасқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 4 мекеме жұмыс істейді.
Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы және балаларды қамтамасыз етудің басқа да проблемалық сұрақтары талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша орындау мерзімдері мен анықталған бұзушылықтар жою жөніндегі іс-шараларды айқындай отырып, жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Кездесуде жетім балалардың жағдайларын жақсарту мақсатында, интернаттық мекемелерді қаржыландыруды 2,5 есеге ұлғайту туралы шешім қабылданды.
Жетім балалардың интернат жағдайында заңнама талаптарына сәйкес өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету сұрағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің м.а. ерекше бақылауға алынды.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.