Өңіраралық қоныс аудару сұрағы бойынша

Өңіраралық қоныс аудару сұрағы бойынша

2023 жылғы 15 қыркүйекте облыс прокуратурасында облыс прокурорының міндетін атқарушы А.А. Саттардың төрағалығымен облыс әкімінің орынбасары С.Ә. Аблалиевтің, прокурорлар мен аудан әкімдіктерінің қатысуымен БКБ режимінде жұмыс күші артық өңірлерден өңіраралық қоныс аудару жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру сұрағы  бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Соңғы 2 жылда облысқа 983 қоныс аударушы отбасы және 115 қандас отбасы келген. Барлығы 3839 адам.

Кеңесте облыс прокуратурасының іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде біздің өңірге келетін азаматтарды орналастыру және бейімдеуге қатысты анықталған проблемалық сұрақтар талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік бастаманы тиімді іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмыс векторы айқындалды.


Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы