Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қамқоршының құқықтарын қасақана пайдалануды анықтады

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қамқоршының  құқықтарын қасақана пайдалануды анықтады

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балалар үйінде заңнаманы сақтау сұрақтарына талдау жүргізу барысында қамқоршының құқықтарын қасақана пайдалану арқылы,  кәмелетке толмағанның құқықтарын дөрекі бұзушылықты анықтады.

Петропавл қаласының әкімдігімен  бекітілген қамқоршы С.  өзінің құқықтарын асыра пайдалана  және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің талаптарын бұза отыра, қамқоршылық органының рұқсатынсыз, ұзақ уақыт бойы жетім баланың пәтерлерін заңсыз  жалға беріп келген.

Алай да, ол өзінің заңсыз әрекеттерін  баланы балалар үйіне қайтарғаннан кейін де және қамқоршылықты қысқартқаннан кейін де жалғастыра берген.

Анықталған бұзушылықтар бойынша  қадағалау органымен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және сәйкес шараларды қабылдау туралы сұрақты қоя отыра заң бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізілді.

Одан басқа, а.ж. 12 қыркүйекте прокуратура органдарының материалдары бойынша  Петропавл қаласының полиция органдарымен ҚР Қылмыстық кодексінің 142-бабы «Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта  балаға келтірілген шығынды анықтау шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Іс облыс прокуратурасының бақылауында.

 

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы