Жәбірленушілерге өтемақы қорына қатысты

Жәбірленушілерге өтемақы қорына қатысты

Біздің елімізде Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заң 4 жылдан астам уақыт бойы қолданыста  (10.01.2018 ж.қабылданды, 01.07.2018 ж. бастап қолданысқа енгізілді).

Бұл Қор бір, бірақ өте маңызды және қажетті мақсатпен- қылмыс құрбандарына материалдық көмек көрсету үшін  құрылған.

Мұндай көмекті алушылар жыныстық зорлық-зомбылықтың кәмелетке толмаған құрбандары, адам саудасының немесе азаптаудың құрбандары, қылмыс нәтижесінде денсаулығына ауыр зиян келтірілген адамдар, оның ішінде АИТВ жұқтырған адамдар, сондай-ақ жәбірленуші қайтыс болған жағдайда заңды өкілдер және т. б. болып табылады.

Облыс прокуратурасы құқық қорғау органдары мен соттың «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңды іске асыру бойынша қабылдап жатқан шараларының тиімділігіне талдау жасады.

2022 жылы Қордан төлемдер алу үшін облыс Полиция департаментіне барлығы 63 жәбірленуші өтініш берген. 2023 жылдың өткен кезеңінде 58 жәбірленуші өтініш берген, оның 18-і төленді, қалған 40-ы күтілуде.

Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде сотталған адамдардан регрессиялық талап-арыздарды өндіріп алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Қылмыстық істерді қарау шеңберінде прокурорлардың 2 627 290 теңгеге 21 талап арызы қанағаттандырылды, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 4 323 280 теңгеге 31 талап арызы қанағаттандырылды.

Түсіндіру  жұмыстары барысында прокурорлар сотталғандардың өтемақы сомасын ерікті түрде төлеудің 7 фактісіне қол жеткізгендіктерін айта кету керек.

Жалпы, облыстың жеке сот орындаушыларының орындауында сотталғандардан Қорға 82,2 млн. теңгеге мәжбүрлеп төлемді өндіріп алу туралы 1 632 құжат, 2022 жылы – 84,4 млн. теңгеге 1 686 құжат болды.

29,2 млн. теңгеге 592 құжат бойынша өндіріс аяқталды (2022 жылы – 38,8 млн.теңгеге 808 құжат).

Прокурорлар Қорға борышкерлерден өндіріп алуға қатысты 8 қадағалау актісін енгізді. Үйлестіру шараларымен 66 борышкер жұмысқа орналастырылды (2022ж. – 44, 2023ж. - 12). Жеке сот орындаушылар полиция органдарымен бірлесіп 12 рейдтік іс-шара өткізді (2022ж.– 7, 2023ж. - 5).

Үкімдердің ұзақ мерзімді орындалмауының және өндіріп алудың төмен болуының себептері борышкерлер контингенті, яғни бұрын сотталған, жұмысқа орналасқысы келмейтін, азғындық өмір салтын ұстанатын, өтімді мүліктің, жұмыстың болмауы, кредиттердің болуы болып табылады.

Бұл жұмыс жалғасуда және қадағалау органының тұрақты бақылауында.

 

 Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы