
2023 жылғы 5 тамызда Петропавл қаласының Полиция басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) ЖШС-нің адамдар тобына шаралар қабылдау туралы жолданымы бойынша мүлікті заңсыз ұстау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Келіп түскен сигнал бойынша прокурорлар бұл жерге барып, ЖШС пен басқа жеке тұлға арасында сотта қаралатын жартылай тіркеме-цистерна мен көмірқышқыл баллондарының тиесілігі бойынша азаматтық-құқықтық дау бар екені анықталды.
Мұндай жағдайларда қылмыстық қудалау органында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін негіздер болған жоқ.
Осыған байланысты прокуратура қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатты.
Осылайша, кәсіпкер заңсыз қылмыстық қудалау орбитасынан шығарылды.
Тағы бір жағдайда полиция органдары кәсіпкерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша 69 мың теңге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Ал ҚР ӘҚБтК-нің 43-бабына сәйкес ескертуді қолдану қажет болған.
Прокуратураның наразылығы бойынша әкімшілік айыппұл алынып тасталды.
Санитарлық дәрігерлер кәсіпкердің атына заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама түрінде бақылау актісін енгізді, ал кәсіпкердің өзі оларға санитарлық қорытынды алу үшін өтініш берген.
Заңнамада азаматтар өз бетінше жолданым берген жағдайда нұсқама енгізу көзделмеген, олар тек профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша енгізілуі мүмкін.
Кәсіпкердің құқықтарының айқын бұзылуын ескере отырып, нұсқама енгізген лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 172 500 теңге айыппұл салынды (төленді).
Өкінішке орай, мұндай бұзушылық фактілері аз емес.
Аққайың ауданының полицейлері Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына ұсыну енгізу арқылы ауыл шаруашылығы малын өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бизнес субъектісіне тексеру жүргізуді талап етті.
Алайда, полицияда мұндай өкілеттіктер жоқ, тексеруді талап етпестен, ұсыныс тек алдын-алу-профилактикалық сипатта болуы мүмкін.
Прокуратура бизнес субъектісінің қызметіне заңсыз араласу әрекетін тоқтатты.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аталған бұзушылықтар Солтүстік Қазақстан облысы прокуратураларының мобильді топтарының үйлесімді жұмысының арқасында анықталды.
Мобильді топтарды қадағалаушы прокурор басқарады, сондай-ақ құрамына Полиция департаментінің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ның жеке қауіпсіздік қызметкерлері кіреді.
Мобильді топтың мақсаты кәсіпкерлердің құқықтарын бұзудың әрбір сигналына жедел ден қою болып табылады.
Жалпы, 2023 жылдың өткен кезеңінде мобильді топтардың телефондарына 70 сигнал келіп түсті, оның 6-ы өз дәлелін тапты, 35-і жоққа шығарылды, 29 сигнал бойынша қолданыстағы заңнамаға түсініктемелер берілді.
Облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтар құрылды, олардың байланыс деректері ресми сайттарда орналастырылған.
Облыс прокуратурасы жанындағы мобильдік топтың байланыс телефоны:8-715-2-36-03-83, 8-705-842-73-06 тәулік бойы жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы