Инвестжобаны қолдау

Инвестжобаны қолдау

Қазіргі уақытта прокуратура органдары құрылған фронт-офис алаңында проблемалық сұрақтарды қарау арқылы маңызды инвестициялық  жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Басты мақсаты туындаған проблемалық мәселелерді жедел шешу және инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде әкімшілік кедергілерді еңсеру болып табылады.

Мысалы, ағымдағы жылғы тамызда Солтүстік Қазақстан облысының  фронт-офис алаңына қала аумағында құны 1,5 миллиард теңге болатын мультибрендтік автосалон салуды жоспарлап отырған «Тобыл Моторс» ЖШС (бұдан әрі – Тобыл Моторс)  өтініш берген.

Алай да, инвестициялық жобаны орындау барысында Тобыл Моторс сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі - СЖТ) алуда қиыншылыққа тап болған.

Мәселен, үш айдан астам уақыт бойы жергілікті атқарушы орган тарапынан кәсіпкердің жер учаскесінің болуына және автосалон құрылысының Петропавл қаласының Бас жоспарына қайшы келмейтіндігіне қарамастан, СЖТ беру рәсімі кешіктірілген.

Прокуратура органдары мен «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ-ның бірлескен араласуынан кейін ғана 18.08.2023 жылы Тобыл Моторс СЖТ  берілді.

Өз кезегінде СЖТ-ның болуы кәсіпкерге автосалон салуға кірісуге және одан әрі инвестициялық жобалардың республикалық пулына кіруге мүмкіндік берді.

 

Петропавл қаласының прокуратурасы