Солтүстік Қазақстан облысының Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысының Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

Ағымдағы жылғы 8 маусымда облыс прокуроры Қ. Әбдіхановтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында 2 сұрақ уәкілетті органдардың есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл қызметінің заңдылығы мен тиімділігінің жай-күйі  және кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемдерін өндіріп алу қаралды.

Оның жұмысына облыстың уәкілетті, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары қатысты.

 Соңғы 2 жылда облыс аумағында 265 есірткі қылмысы анықталды, заңсыз айналымнан алынған есірткінің көлемі 900 келіден асты.

Жұмыстың нақты нәтижелерін атай отыра, Үйлестіру кеңесінің отырысында осы бағыттағы проблемалық сұрақтар да  талқыланды.

 Екінші  сұрақ бойынша     облыста 8 300 бала  алимент алушылар, кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент бойынша жалпы берешек 184,7 млн.теңгені құрайтыны атап өтілді. 2,5 жыл ішінде берешек 1,1 млрд.теңгеден 184,7 млн. теңгеге дейін төмендеді, нәтижесінде 2 мыңнан астам баланың құқығы қорғалды.

Отырыста борышкерлерді жұмысқа орналастырудың, іздестірудің және қылмыстық жауаптылыққа тартудың, сондай-ақ алименттерді тиісінше және уақтылы өндіріп алудың проблемалық мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға осы саладағы проблемаларды шешу бойынша сындарлы тапсырмалар берілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы