Мемлекеттік қызмет жүйелерін жетілдіру туралы

Мемлекеттік қызмет жүйелерін жетілдіру туралы

2023 жылдың 02 маусымында  Қазақстан Республикасы  мемлекетті қызметшілер күніне орай Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары М.Т.Қожамқұловтың төрағалығымен  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Е.Ф.Степаненкомен бірлесе  Солтүстік қазақстан облысы прокуратурасында «Мемлекеттік қызмет  жүйелерін жетілдіру туралы»  тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған семинарда Солтүстік қазақстан облысы прокуратурасының жеке құрамы мен әкімшілік  мемлекеттік қызметкерлері белсенді қатысты.

Мемлекетіміздің гүлденуі мемлекеттік қызметкерлердің тиімді және кәсіби қызметінде негізделген. Осыған байланысты еліміздің және Бас прокуратура  басшылығымен  оны жетілдіру сұрақтарына аса  көп көңіл бөлінуде.