Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау

Балалардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басымды бағыттарының бірі болып табылады және тұрақты бақылауға алынған.

Соңғы 2 жылда аталған салада 47 807 кәмелетке толмағанның құқығы қорғалды.

Мысалы, 2022 жылы Петропавл қаласының прокуратурасымен жалпы білім мекемелерінің  қызметінде жүргізілген талдау барысында сабақ арасындағы қоңыраулардың қысқартылғандығы түрінде оқушылардың құқықтарын бұзушылықтар анықталды.

Қадағалау органының актісі бойынша қоңыраулардың ұзақтығы заңнама талаптарына сәйкестендірілді, 14226 баланың  құқығы қорғалды.

Ағымдағы жылы облыс прокуратурасымен қыс мерзімінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінде температура режимінің талаптарын сақтау қамтамасыз етілді.

Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді төлеу сұрағы бойынша қадағалау шараларымен  32,5 млн. теңге алимент төленді. .

Соңғы 2 жылда өкілетті мемлекеттік органдардың қызметін  үйлестірумен  алимент бойынша жалпы борыш сомасы  1,1 млрд. теңгеден 175,4 млн. теңгеге дейін азайды.

 

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы