МАҢЫЗДЫНЫ ҰМЫТПАЙЫҚ!

МАҢЫЗДЫНЫ ҰМЫТПАЙЫҚ!

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында мемлекеттік және өкілетті органдардың алименттік төлемдерді өндіріп алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы айтты.

Қазіргі уақытта 8 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала алимент алушы болып табылады.        

 2021 жылдан бастап өкілетті органдармен, өңірдің прокуратурасының үйлестіруімен  алимент бойынша жалпы борыш сомасы  1,1 млрд. теңгеден 175,4 млн. теңгеге дейін азайды.

Қадағалау органында балалардың құқықтарын кемсітуге болмайтындығы және балаларды тәрбиелеу мен күтіп-бағу ата-аналардың табиғи құқығы мен міндеті болып табылады.     

 Өз кезегінде мемлекеттік органдар борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін барлық шараларды қабылдаулары керек.

 Біле тұра, өздерінің балаларына қасақана алимент төлемейтін және төлеуден бас тартқан тұлғаларға  қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін шаралар қабылданады.

Тек ағымдағы жылы ғана  56 борышкер  әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 31-не қатысты қамауға алу, 25-і бойынша әкімшілік айыппұл салынды. 4 қасақана алимент төлемеуші қылмыстық жауакершілікке тартылды.

 Балалар біздің қоғамымыздың осал және қорғалмаған бөлігі болғандықтан, олардың құқықтарын сақтау бойынша жұмыс  ерекше бақылауда және барлық мемлекеттік және өкілетті органдардың өзара тиімді әрекеттесулерін талап етеді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы