ҮНДЕУ!

ҮНДЕУ!

Құрметті облыс тұрғындары!

Облыс прокуратурасы соңғы уақытта банк қызметкерлері атынан жасалған интернет-алаяқтық фактілерінің көбейгенін хабарлайды.

Зиянкестер үшінші тұлғалар  тарапынан банк шоттарындағы күмәнді операциялар  туралы хабарлап, карта номерлерін, қысқа смс хабарлар  және т.б. деректерді жіберуді сұрайды.

Жәбірленушілерді сендіру мақсатында  құқық қорғау органдары атынан (прокуратура, полиция және т.б.) қосымша қоңыраулар соғады, олар жүргізілген күмәнді операция фактілерін дәлелдейді және банк қызметкерінің нұсқауын тыңдауға шақырады.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы прокуратура өкілдері атынан осыған ұқсас телефонмен қоңырау шалуды жүзеге асырмайтындықтарын ескертеді.

Жоғарыда аталған қоңыраулар мен хабарлар түскен жағдайда тезарада жақын маңайдағы полиция бөліміне өтініш беру қажеттігіне назар аударамыз.

 Сонымен бірге облыс прокуратурасының сайтында көрсетілген кез-келген прокуратураның қызмет телефондарының номеріне қоңырау соғып,  жеке көз жеткізуге болады.

                              Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы