Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын сақтау саласындағы қадағалауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Абу-Али Саттардың айтуынша, бүгінгі таңда өңірдегі өзекті мәселелердің бірі ауылдық жерлерде халықтың мал жаюы үшін жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі болып табылады.
Негізгі проблема ауылдық елді мекендердің жерлерінен учаскелерді заңсыз беру болып табылады.
Мысалы, 2016 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округінің Жаңасу ауылында жалпы ауданы 990 га жайылымдық жерлер берілді, ал жер учаскесі тек жергілікті тұрғындардың малын жаюға арналған.
Бұл ретте аталған елді мекенде жайылымдық жерлер тапшылығы бар.
Облыс прокуратурасының араласуынан кейін ғана Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жер учаскесін алып қою туралы талаппен сотқа талап арыз берді.
А.ж. өткен кезеңінде сотқа 6 147 гектар жерді алып қою туралы 29 ұқсас талап-арыз берілді, қалған учаскелер бойынша талап-арыз жұмысы жоспарлы түрде жүргізіледі және қажетті құжаттарды жинау жүзеге асырылады.
Ауылдық елді мекендердің шекараларында заңсыз берілген жерлерді алып қою жайылым тапшылығын жоюға ықпал етеді және ауыл тұрғындарына осы жерлерде заңды түрде өз малдарын бағуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, облыс прокуратурасы Жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесіп 275 мың гектар пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді анықтады.
Барлық жер пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, олардың орындалу мерзімі ағымдағы жылы аяқталады.
Нұсқама орындалмаған және бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жер пайдаланушылар кейіннен сот тәртібімен жерді алып қоя отырып, заңда белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады.
Аталған сұрақ облыс прокуратурасының бақылауында.