Жергілікті атқару органдардың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тексерулерінің нәтижелері туралы

Жергілікті атқару органдардың  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тексерулерінің нәтижелері туралы

15.02.2023 жылы облыс прокуратурасында Облыс прокурорының бірінші орынбасары А.А.Саттар төрағалығымен облыс әкімінің орынбасары С.А. Аблалиевтің қатысуымен жұмыспен қамту саласындағы әкімдіктерді тексеру нәтижелерін талқылау бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Прокурорлар қысқа мерзімді оқытудан өтуді ұйымдастыруға, жалған жұмысқа орналасуға, бизнес-бастамаларды қолдауға бөлінген нысаналы гранттарды игермеуге, сондай-ақ Жұмыспен қамту бағдарламаларына жосықсыз қатысушыларға қатысты шағым жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыспен қамту орталықтарының әрекетсіздігіне қатысты көптеген бұзушылықтарды анықтады.

Тексеру нәтижелері бойынша жұмыспен қамту орталықтарының басшыларын қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту және мемлекеттік бюджетке 38 млн. теңгені өтеу туралы сұрақтар қойылып, заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы қадағалау актілері енгізілді.

Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.