Петропавловск қаласының №4 мектебіндегі жағдайға қатысты

Петропавловск қаласының №4 мектебіндегі жағдайға қатысты

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаменті ағымдағы жылдың 13 ақпанында Петропавл қаласының №4 орта мектебінде оқитын 9 сынып оқушысы аталған мектептің 3 оқушысына дене жарақатын салғанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта барлық жәбірленушілер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, жағдайлары қалыпты.

Кәмелетке толмаған Д. полиция қызметкерлерімен ұсталды, осы факт бойынша ҚР ҚК 99–бабы 2-бөлігі 1-тармағы 14-тармақшасы, 24-бабының 3-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдын ала алынған мәліметтер бойынша кәмелетке толмаған Д. психиатриялық есепте тұрады.

Кәмелетке толмағанның және мектеп әкімшілігінің іс-әрекеттеріне, сотқа дейінгі тергеу шеңберінде құқықтық баға берілетін болады. 

Қалған жағдайлар анықталуда.

 

СҚО прокуратурасының және СҚО ПД баспасөз қызыметі