Кәмелетке толмаған К.Н.Д. бойынша

Кәмелетке толмаған  К.Н.Д. бойынша

2023 жылғы  25 қаңтарда кәмелетке толмаған  К.Н.Д. 2012 ж.т., Уәлиханов ауданының бір ауылынан үйінен шығып, белгісіз бағытқа қарай кеткен. Баланы іздестіруге ауыл тұрғындары мен аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы тартылған.

2023 жылғы 27 қаңтарда бала сол ауылдағы иесіз үйлердің бірінен табылған. Бала аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді. 

Анықтама үшін: кәмелетке толмаған К.Н.Д. орта мектептің 5-сынып оқушысы.  

2017 жылдан бастап аталған ауылда тұратын К.С. мен А.К-ның.,1959 ж.т., патронаттық тәрбиесінде болған.

Зерттеу қорытындысы бойынша денесіндегі жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды, жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Денесіндегі жарақаттардың болуы ҚР ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына негіз болды (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау), қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Аудан прокуратурасының бастамасы мен үйлестіруі арқасында патронаттық тәрбиелеу туралы шарт тоқтатылды, кәмелетке толмаған баланы ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім-балалар мен балаларға арналған білім мекемелеріне анықтау туралы шешім қабылданды.

Баланы тиісті тәрбиелемеудің аталған фактісі қадағалау органының өкілінің қатысуымен аудан әкімдігінің жанындағы  кәмелетке толмағандардың  істері бойынша Комиссияда қаралды.

Сондай-ақ орын алған жағдайды тергеу үшін өкілетті органдар санынан жұмыс тобы құрылды (қамқоршы орган, прокуратура, Білім басқармасы)

Тексеру шаралары мен қабылданғн шешім қорытындылары туралы қосымша хабарланатын болады.

Одан басқа, облыс прокуратурасымен өкілетті органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне баға берілетін болады.