БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

2022 жылғы 18 қарашада «Прокуратура туралы» Конституциялық Заң заңды күшіне енді.  

         «Құқықтық актілер туралы»       Заңның 1-бабына сәйкес заң – аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген негізге алынатын қағидаттар мен нормаларды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт.

         Барлық құқықтық актілер иерархиясындағы Конституциялық Заңдар әдеттегі заңдар мен кодификацияланған актілерден жоғары тұрады.

Облыстық қадағалау органында судьяларды, уәкілетті мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды және бұқаралық ақпарат құралдарын шақыра отырып, дөңгелек үстел өткізілді, онда Конституциялық заңның негізгі ережелері талқыланды.

Алғаш рет прокуратура қызметінің құзыретін, ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайтын құқықтық актіге Конституциялық Заң мәртебесі берілді, бұл прокуратура органдарының жүйесіне азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауда ерекше  жағдай береді.

Конституциялық Заң новеллаларының бірі прокурорлар қаулы, нұсқау шығаратын негіздер тізбесін кеңейту, прокурорлардың қарауына жататын өтініштердің санаттарын айқындау, сондай-ақ прокуратура шешімдеріне, актілеріне және прокурорлардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды сотқа дейінгі реттеу тәртібі болып табылады.

Мысалы, «Прокуратура туралы» бұрын қолданыста болған Заңға сәйкес қадағалау актісі ретінде нұсқауды прокурор тек сотқа дейінгі тергеу, жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелері бойынша ғана шығарылатын.

Конституциялық Заңның қабылдануымен осы қадағалау актісін қолдану аясы кеңейтілді.

Аталған қадағалау актісі прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеру жүргізу сұрақтары бойынша; атқарушылық іс жүргізу; жазаларды орындау; прокуратураның талабы бойынша жүргізілетін тексерулер; мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де мәселелер бойынша шығаруы мүмкін.

Конституциялық Заңның аталған және басқа да жаңалықтары бүгін дөңгелек үстел отырысында қаралды.

 

Солтүстік Қазақстан облысының

Прокуратурасы