Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тарапынан мемлекеттік және өкілетті органдардың қызметін үйлестіру арқылы қасақана алимент төлемеушілерге қатысты қатты күрес жалғасуда.

Жеке сот орындаушылардың ұсыныстары бойынша «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағына сәйкес 87 баланы ұстауға тағайындалған жалпы сомасы 72,3 млн. теңге алиментті төлемегені үшін 69 борышкердің жүргізуші құқығы тоқтатылды.

 Енді аталған борышкерлер 87 баланы ұстауға тағайындалған қаражатты төлемейінше, көлік  басқара алмайды.

Сот актілерін орындауды бақылауды жол полицейлері жүзеге асырады. Алименттік төлемдерді өндіріп алу бойынша жұмыс жалғасуда, 12 қасақана алимент төлемеуші қылмыстық жауапкершілікке және 86 борышкер қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 .    Облыс  прокурорының

бірінші орынбасары А. Саттар