«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қатысты

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қатысты

«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында прокурорлардың өз өкілеттіктерін іске асыруының жаңа тетіктерін құрайды.

Бұрынғыдай қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы қадағалау нысандары тексеру, заңдылықтың жай-күйін талдау және күшіне енген актілерді зерделеу болып қала береді.

Жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қозғайтын маңызды өзгерістерге тоқталамын.

Бүгінгі таңда нарықтық экономиканы дамыту және бизнес салаларының алуан түрлілігі жағдайында прокурорлық қадағалаудың өзекті мәселелерінің бірі бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау, кәсіпкерлердің өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін іске асыру кезінде кедергілерді жою мәселесі болды.

Осыған байланысты, қолданыстағы Заң жергілікті жерлердегі прокурорларға жоғары тұрған прокурордың, Президенттің тапсырмасынсыз жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу мәселелері бойынша мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қатысты тексерулер жүргізуге бастамашылық жасауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған Ережемен қатар, Конституциялық заң прокурорларға физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты оларды қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарды, кәмелетке толмағандарды, адамдардың шектеусіз тобын, сондай-ақ адамдардың, қоғам мен мемлекеттің өміріне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қайтымсыз зардаптардың алдын алу үшін қажет болса, оларды қорғау мүмкіндігін көздейді

Алайда, Конституциялық заңның 5 - бабының 4-тармағына сәйкес қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокуратура органдары өзге де мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайтынына назар аударамын.

Заң шығарушы прокурор актілерінің 3 түрін көздеді: қадағалау актілері( наразылық, санкция, нұсқау, ұсыну және қаулы), прокурорлық ден қою актілері (өтінішхат, өтініш, үндеу, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру), прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің мәселелерін реттейтін актілер (бұйрықтар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар, регламенттер) олар арқылы тексерулер, талдаулар жүргізу кезінде, өтініштерді қарау, қылмыстық істер бойынша қадағалауды жүзеге асыру, мемлекеттік айыптауды қолдау және т.б. кезінде өкілеттіктер іске асырылады.

Прокурорлардың құқық бұзушылық туралы ақпарат алу көздерінің бірі прокуратура органдарына берілген өтініш, шағым болып табылатыны белгілі.

Өтініш берушілер оларды қарау мерзімі келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайтынын ескеруі керек, бұл ретте өтінішті шешу, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан ақпарат алу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау қажет болған жағдайда мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ 2 айдан аспауы тиіс.

Өтінішті қарау мерзімін ұзарту туралы өтініш берушіге ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Прокурорлардың өтініштерін немесе заңсыз әрекеттерін (әрекетсіздігін) және негізсіз қабылданған шешімдерді сапалы қарауға прокуратура органдарына өтініш берушіге даулы әрекеттер туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмейтін мерзімде шағым жасалады.

Жалпы, прокуратура органдарының құқықтық жағдайының іргелі негізі өзгеріссіз қалды.

Конституциялық заңның жаңа нормалары азаматтардың, атап айтқанда, әлеуметтік осал топтар мен бизнес субъектілерінің конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған.

 

Облыс прокурорының орынбасары

С. Жорабеков