Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында  Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында  Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

         Облыс прокуроры прокуратура қызметкерлерін аталған мерекемен құттықтай отыра,  мерекенің тарихи маңыздылығына көңіл бөлді.

         Атазаңымыз ел бірлігін және адамның  ар-ұжданы мен абыройына  қол сұғуға болмайтынын негіздеп, кемсітудің кез-келген  түріне  тыйым салу арқылы ұлтымызды ұйыстырады. Осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз-ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен облыс прокуратурасының  қызметкерлері  медальдармен  марапатталды.

 «Прокуратура ардагері» медалімен  Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Абу-Али Анарбайұлы Саттар, М.Жұмабаев ауданының прокуроры  Алтынбек Ибадуллаұлы Танқыбаев марапатталды.

I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Сайранұлы Әубәкіров, облыс прокурорының аға көмекшісі  Ренат Әбдірахманұлы Тоқышев, II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Айыртау ауданы прокурорының орынбасары Еркеш Думанұлы Оспанов марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Құрмет грамотасы» Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Сәкен Қорқпайұлы Хасенов марапатталып, облыс әкімінің атынан Мамлют ауданы прокуратурасының аға прокуроры Дамир Абайұлы Жолдыбаевқа алғыс жарияланды.

Сонымен қатар, салтанатты жиналыста прокуратура органының жас қызметкерлері Қазақстан Республикасына адал қызмет атқаруға ант рәсімін қабылдады.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының  баспасөз қызметі